Жобалау топтары
Өндіру жобаларының тобы
Инновациялық жабдықтар мен өндіру әдістемелерін енгізуді қоса алғанда, уран шикізатын өндіру және өткізу жөніндегі жобаларды неғұрлым экономикалық тұрғыдан орынды және экологиялық қолайлы тәсілдермен жан-жақты қолдау
Атом генерациясының жобалар тобы
АЭС жобалау, салу, пайдалану және жаңғырту кезеңдерін қоса алғанда, атом энергетикасы жобаларын іске асыру мен басқаруда қолдау көрсету, атом генерациясы объектілерінің энергия тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін озық технологияларды енгізу, халықаралық стандарттарды сақтау және нормативтік талаптарды әзірлеу.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі (Stakeholder Engagement) жобалар тобы
Негізгі мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл стратегиясын әзірлеу және ашық форматтағы тақырыптық дәрістер, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда, ядролық энергетика туралы өзекті және қолжетімді тәсілмен ақпараттандыру бойынша жұртшылықпен жұмыс жүргізу
Қызметті қамтамасыз ету тобы
Құқықтық, қаржылық және әкімшілік аспектілерді қоса алғанда, AIDA қызметін операциялық қолдау.
ИСК және РАҚ жобалар тобы
Техногендік және медициналық иондаушы сәулеленудің көздерін (ИСК) өндіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және коммерциялық жобаларды жан-жақты қолдау, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату үшін кешенді шешімдер әзірлеу.