Atomic Industry Development Association

Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы (AIDA) мен Кореяның ядролық қауымдастығы (KNA) меморандумға қол қойды 🇰🇿🇰🇷

Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы (AIDA) мен Кореяның ядролық қауымдастығы (KNA) атом энергиясын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Кенджу, Корея Республикасы — 2024 жылғы 4 желтоқсан

2024 жылғы 3-5 желтоқсан аралығында Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласында өтіп жатқан Nuclear Energy Summit 2024 халықаралық конференциясы аясында, «Шекарасыз энергия: ядролық бизнестің жаһандануы» атауымен, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы (AIDA) және Кореяның ядролық қауымдастығы (KNA) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Кореяның ядролық қауымдастығы (KNA) Оңтүстік Кореяның 50-ден астам жетекші компаниялар мен ұйымдарды біріктіреді. Оның құрамына энергетикалық компаниялар, ядролық жабдық өндірушілері, құрылыс компаниялары, сондай-ақ саясат, қаржы, құқық және ғылым салаларының өкілдері кіреді.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол кою Қазақстан үшін аса маңызды, өйткені қазіргі кезде Қазақстанда атом индустриясы қарқынды даму кезеңіне өтуде. Алғашқы атом электр станциясын салуға дайындық жүріп жатқан кезде бұл құжат Қазақстанның жаһандық ядролық қоғамдастыққа интеграциялануына және халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

AIDA төрағасы Алдияр Тоқтаровтың айтуынша:
«Осы меморандумға қол қою Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы байланысты нығайтып, тиімді диалог, коммерциялық әріптестік, озық технологиялар мен тәжірибе алмасу үшін платформа жасайтын маңызды құжат болып табылады. Ядролық энергетика саласындағы әлемдік көшбасшы болып саналатын Оңтүстік Корея Қазақстан үшін инфрақұрылымды дамыту, технологиялар енгізу және білікті мамандар даярлау бағытында сенімді серіктес болады деп үміттенемін.»

Nuclear Energy Summit 2024 халықаралық конференциясы ядролық энергетика саласындағы жаһандық мәселелер мен болашақ мүмкіндіктерді талқылау үшін жетекші сарапшыларды, бизнес және мемлекеттік құрылым өкілдерін біріктірді. Меморандумға қол қою конференцияның басты оқиғасына айналып, саладағы тұрақты даму үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетті.